"Қазақмыс" гемодиализ бөлімін ашуға 235 миллион теңге бөлді

776

"Қазақмыс" гемодиализ бөлімін ашуға 235 миллион теңге бөлді

"Жезқазған" медициналық орталығында гемодиализ бөлімі ашылады. Онда бүйректің созылмалы дертіне шалдыққан науқастарға ота жасалып, көмек көрсетіледі. Бұл үшін "Қазақмыс" корпорациясы 235 млн теңге бөлген, деп хабарлайды Atameken Business.

"Биылғы жылы "Қазақмыс" корпорациясының демеушілігімен жаңа қондырғыларды сатып алуды жоспарлап отырмыз. Себебі аурухана ашылғалы бері мұндағы жабдықтардың көбі ескірген. Медицина бір орында тұрмайды. Жаңа қызмет түрлері пайда болып, қолданыстағы құралдар жаңарып отырады", - дейді "Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС жансақтау бөлімінің басшысы Разыбек Нұрқұспан

Корпорация Франциядан құны 300 млн теңгелік жүрекке күрделі ота жасауға арналған аппарат алдырған. Дәрігерлер заманауи қондырғымен көп жанды емдеп ғана қоймай, үй-үйді аралап тексеру де жүргізіпті.

"Біз алғаш рет Қарағанды бойынша жылжымалы медициналық тексеру шараларын жүргіздік. Мұндағы кәсіпорындар 2700 шақырым аумақта шашыраңқы түрде орналасқан. Сондықтан толықтай қамту үшін бірлесіп жұмыс істеу керек ", - дейді "Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС бас директордың орынбасары Людмила Угай.

Жезқазғандағы медициналық орталық 30 мыңнан аса адамға қызмет көрсетеді. Олардың әрқайсына жекелеген жеңілдіктер қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу