"Қазақмыс" шахтерлары қарсылық акциясына шықты

949

"Қазақмыс" шахтерлары қарсылық акциясына шықты

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында "Қазақмыс" корпорациясының шахтерлары басшылыққа бірқатар талап қойып, қарсылық акциясын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Интерфакс -Қазақстан.
"Бүгін түн ортасына қарай түнгі ауысым жоғарыға көтерілу керек болған. Оңтүстік-Жезқазған кенішіндегі бір шахтаның жұмысшылары төбеге көтерілуден бас тартып, өздерінен бір адамды жіберу арқылы "Қазақмыс" әкімшілігіне қояр талабын жеткізді", - дейді қарсылық танытқандардың бірі Берік Жағыпаров.
Оның айтуынша, таңғы 4-ке қарай "Қазақмыс корпарациясы" ЖШС басқарушы кеңесінің бас директоры Бақтияр Қырықпышев шахтерларға барып, олар қойған әрбір талапты талқылаған.
Қарсылық акциясына 300 шахтер шықты. Ал жұмысшылардың бір бөлігі кеніш әкімшілігінің алдына жиналуда.  Олар жалақыны 70 пайызға көтеруді, 20 жылдық еңбек өтілі бар шахтерлардың зейнетақысын орташа жалақыдан 30 пайызға арттыруды, сауықтыру шипажайларында тегін ем алуға мүмкіндік жасауды және т.б. талап етіп жатыр. Сонымен қатар еңбекақының жоспарлық жүйесін алып тастауды да қалайды.
Әзірге басшылық тарапынан түсінік берілген жоқ.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу