"Қазақмыс корпорациясының" Директорлар кеңесі Басқарушы кеңес болып өзгерді

835

"Қазақмыс корпорациясының" Директорлар кеңесі Басқарушы кеңес болып өзгерді

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ның Директорлар кеңесі  Басқарушы кеңес болып өзгерді, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында корпорацияның атқарушы органы – Директорлар кеңесін "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарушы кеңесі деп өзгерту туралы шешім қабылданды", – делінген компанияның ақпаратында.

Ақпаратқа сәйкес, атқарушы органның өкілеттік мерзімі – үш жыл.

"Бақтияр Қырықпышев Басқарушы кеңестің бас директоры және "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ның бірінші басшысы болып тағайындалды", – делінеді хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қырықпышевтен өзге басқарушы кеңеске корпорацияның тағы бес топ-менеджер еніп отыр.

"Эдуард Огай "Қазақмыс холдингі" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, "Қазақмыс" компаниялар тобының компания басқарушысы болып қалады", – деп түсіндірілген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу