"Қазақстан" арнасынан "Қызық екен" жобасы көрерменге жол тартады

1302

"Қазақстан" арнасынан "Қызық екен" жобасы көрерменге жол тартады

14 ақпан күні "Қазақстан" Ұлттық телеарнасынан "Қызық екен..."  жобасы көрерменге жол тартады. Бұл туралы телеарна өкілдері хабарлады.

Бұл – жоба қатысушыларының Қазақстан және әлем туралы қызықты фактілерге қатысты білім деңгейін анықтайтын ойын-сауықтық телевикторина. Жоба кез келген көрерменге қызықты, жеңіл әрі көңілді.

Қатысушылар екі топқа бөлініп, 12 тақырып бойынша өзара бақ сынайды.  Әр сұраққа үш жауап нұсқасы бар. Дұрыс жауап үнемі сюжет, графика немесе анимация  түрінде беріледі. Сұрақтар сан-алуан.

"Қазақстан" Ұлттық арнасынан сейсенбі-бейсенбі аралығында сағат 18:20-да "Қызық екен..."жобасын өткізіп алмаңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу