"Қазақстан-Қарағанды" телеарнасы атауын "SARYARQA" деп өзгертті, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты.
Хабарда айтылғандай, 28-ші тамыздан бастап "Қазақстан" телерадиокорпорациясының медиа ресурстарында жаңа маусым басталады. "Қазақтан-Қарағанды" телеарнасы ребрендинг жүргізді, енді ол "SARYARQA" деп аталатын болады. Бұл туралы Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифингте республикалық "Қазақстан" телерадиокорпорациясының облыстық бөлімшесі директорының орынбасары Жәнібек Садықанов мәлімдеді.
"Барлығыңыз білесіздер "Қазақстан-Қарағанды" телеарнасы республикалық "Қазақстан" телерадиокорпорациясының бөлімшесі болып табылады. Жыл сайын күзде барлық арналарда жаңа маусым басталады, биылғы маусым ерекше болмақ. Біріншіден ребрендинг жүргізіледі. Дүйсенбі, 28-ші тамыздан бастап телерадиокорпорациясының байрлық аймақтардағы бөлімшелерінде телеарналардың логотиптері мен атаулары өзгереді. Біздің арна енді "SARYARQA" деп аталатын болады. Біз бұл атауды әдейі таңдадық, себебі ол тұтастай біздің облысымызды білдіреді. Біз Қазақстанның барлық аймақтарына хабар таратамыз, сондықтан әр көрермен арнаның атауынан-ақ Сарыарқа – бұл Қарағанды, Қарағанды облысы екенін білетін болады", - дейді Жәнібек Садықанов.
Сондай-ақ оның сөзінше, жаңа маусымда "SARYARQA" телеарнасында жаңалықтар мен бірнеше бағдарламала эфирге жаңаша түрде шығады. Келесі жылы екі жаңа жобаны ашу жоспарлануда.
Корпорациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ребрендингтің басты мақсаты – корпорацияның барлық медиа активтеріне тән, ұлттық дәстүрді әйгілейтін, корпорацияның жаңа әлемдік стандарттарға талпынысын көрсететін – біртұтас танымал белгі құру.Телерадиокорпорацияның ендігі атауы - "QAZAQSTAN".
Бөлімшелердегі логотипте бірдей көк және сары түстер болады. Олар Қазақстан республикасының мемлекеттік туы іспетті жасалған.