"Қазақстан аруы-2016" байқауына дайындық шеңберінде конкурсанттардың қатысуымен алғашқы қайырымдылық шарасы өтті. Қатысушылар елорданың арнайы коррекциялық мектеп-интернатында болды, деп жазады astana.gov.kz.
"Үлкен істердің барлығы кішкентай игі шаралардан басталады. Сол себепті бүгін байқау қатысушыларының осында келуі – біздің балаларымыз үшін үлкен мереке", -– деп мәлім етті мектеп-интернаттың директоры Бахриден Кәрімжанов.
Қонақтардың әкелген сыйлықтары – қуыршақтар, машиналар, жұмсақ ойыншықтар мекеме тәрбиеленушілері үшін күтпеген тарту болды.
Бүгінгі шара – "Сұлулық қайырымдылық үшін" ұранымен "Қазақстан аруы-2016" байқауына дайындық шеңберіндегі алғашқы шара. Еске салсақ, 25 бойжеткен бақ сынайтын ұлттық байқау елордада 10 желтоқсанда өтеді. Оған алғаш рет "Instagram" арулары қатысады.