"Қазақстан Аселсан инжиринг" өз өнімдерін Мәскеу мен Өзбекстанда таныстырады

558

 Бірлескен жоба жұмысын бастағалы ASELSAN компаниясы кәсіпорынға 40 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.

"Қазақстан Аселсан инжиринг" өз өнімдерін Мәскеу мен Өзбекстанда таныстырады

ҚАӨМ түркиялық ASELSAN басшылығымен кездесу өтті
Бүгін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов түркиялық ASELSAN компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы – бас директорі Хелук Гёргюнмен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар "Қазақстан Аселсан инжиринг" бірлескен кәсіпорнының әрі қарай даму мүмкіндіктерін талқылады. Бірлескен жоба жұмысын бастағалы ASELSAN компаниясы кәсіпорынға 40 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.

ASELSAN компаниясы бүгінгі таңда Түркияның ірі қорғаныс кәсіпорындарының бірі және әлемнің 100 қорғаныс кәсіпорындарының рейтінгінде 58 орында ("Defense News Top 100").

Айта кетсек, 2013 жылдың желтоқсанында Астанада "Қазақстан Аселсан инжиринг" ЖШС бірлескен кәсіпорны ашылды. Ал 2014 жылдың қаңтарында зауыт ең алғашқы өнімін берді. Қазіргі таңда зауытта 100 маман қызмет етеді, барлық өндіріс іске қосылған. 

"Қазақстан Аселсан инжиринг" ЖШС (ҚР ҚАЭМ "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны) қазақстандық күштік құрылымдар үшін электрондық және электронды-оптикалық өнімдер жасайды. Бұл – байланыс жүйелері, тепловизорлар, қаруға арналған күндізгі және түнгі көздеуіш, сондай-ақ оқ атуды электронды тұрақтандыру жүйесі.

Қазақстандық қорғаныс кәсіпорны қару-жарақ және әскери техникалардың халықаралық көрмелеріне болашақта сыртқы нарыққа шығу мақсатымен белсенді түрде қатысады. 

Зауыттың өнімі биыл IV халықаралық KADEX-2018 қару-жарақ және әскери техника мүлкінің көрмесі мен IV Kazakhstan Security Systems - 2018 қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс бойынша конференция көрмесінде өзінің тиісті бағасын алды. .

"Қазақстан Аселсан инжиринг" ЖШС өз өнімдерін 2018 жылдың 23-26 қазаны аралығында Мәскеуде өтетін XXII INTERPOLITEX- 2018 халықаралық көрмесінде, сондай-ақ 14-16 қараша аралығында Ташкент қаласында өтетін 10-Орталық Азия халықаралық көрмесінде таныстыруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу