Бүгін, яғни 1 шілде күні "Барыс Арена" спорт кешенінде қазақ күресінен өтетін "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінде бақ сынайтын балуандар арасындағы ең ауыр салмақтағы балуанның есімі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін "Хан Шатыр" ойын-сауық сауда орталығында өткен балуандардың салмақ өлшеу рәсімінде әскерилер арасындағы іріктеуден сүрінбей өтіп, "Қазақстан Барысына" түңғыш рет қатысқалы отырған Ерасыл Қажыбаевтың таразыдағы таза салмағы 151 келіні көрсетіп, осы турнирге қатысқалы отырған ең ауыр салмақтағы балуан атанды. Екінші ауыр салмақтың иегері өткен жылы осы турнирдің чемпионы атанған Еламан Ерғалиев болды. Оның таразыдағы таза салмағы 145 келіні көрсетті. Үздік үшінші ауыр салмақтағы балуан шығыстың шымыр жігіті Айбек Нұғымаров атанды. Оның салмағы 142 келі болды.
Биылғы турнирдегі аса ауыр салмақта белдесетін ең ауыр 10 балуанды назарларыңызға ұсынамыз:
1. Ерасыл Қажыбаев 151 кг
2. Еламан Ерғалиев 145 кг
3. Айбек Нұғымаров 142 кг
4. Ержан Дүйсенбеков 141 кг
5. Ұлан Рысқұл 137 кг
6. Дәурен Нұралинов 135 кг
7. Күнәлем Ержанов 134 кг
8. Бибарыс Әбдіғани133 кг
9. Ержан Шынкеев 131 кг
10. Айтуар Абдулов 130 кг