"Қазақстан барысына" 37 балуан қатысады

757

"Қазақстан барысына" 37 балуан қатысады

Алдағы жексенбіде Астанадағы Барыс Аренада қазақ күресінен дәстүрлі "Қазақстан барысы" турнирі өтеді. Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылатын балуандар бәсекесіне еліміздің әр аймағынан іріктелген 37 білекті жігіт қатысады, деп хабарлайды 24.kz.

Жақында ғана облыс мәртебесін алған Түркістаннан екі балуан келсе, мегаполис атанған Шымкент қаласы да өз жігіттерін жарысқа қосады. Елбасының жүлдесіне арналған айтулы турнирде топ жарған спортшы 25 миллион теңге мен алтын белбеуге ие болады. Чемпионның жеке бапкері де қаржылай сыйлық алып, 3 жарым миллион теңгені еншілейді.

Мамандар былтыр жеңіске жеткен Еламан Ерғалиевтің топ жаруы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар 2014 жылғы "Қазақстан барысы" Мұхит Тұрсынов та мықтылар қатарында бар. Семейлік балуан жұмыс бабымен Петропавлға ауысқан болатын. Биыл Мұхит Солтүстік Қазақстанның намысын қорғайды.

"Биыл Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстанда "Қызылжар арландары" спорт клубы ашылды. Сонда ұлттық күресімізді дамыту мақсатында құрама команда болып ауыстық. Биыл жақсы деңгеймен келдік. Жылдан жылға жарыстың деңгейі өсіп келе жатыр. Жас балуандар өсіп келе жатыр", - дейді Мұхит Тұрсынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу