Еліміздегі ең ірі додалардың бірі саналатын "Қазақстан барысы" турнирінде өнер көрсететін балуандарымыз анықталды, деп хабарлайды qsport.kz.
7 рет өтетін дәстүрлі турнирде еліміздің барлық өңірінен 35 балуан қатысып, 2018 жылғы "Қазақстан барысын" анықтайтын болады.
"Қазақстан барысы" 2018 турнирінің ақтық сайысына қатысатындар:
Ақтөбе облысынан: Әділет Мисин, Еламан Қойшыбаев;
Алматы облысынан: Ұлан Рысқұл, Александр Касачёв;
Атырау облысынан: Арман Қалиев, Бекболат Салықов;
Батыс Қазақстан облысынан: Темірлан Көлбай, Асқар Нұрмұханов;
Жамбыл облысынан: Айбол Айтбек, Айдос Теңгебаев;
Қарағанды облысынан: Ержан Шынкеев, Ерсін Мұxамеджанов;
Қызылорда облысынан: Нұрым Сәлімгереев, Мақсат Исағабылов;
Қостанай облысынан: Рамиль Шарыгин, Темірлан Сапаров;
Маңғыстау облысынан: Мейрамбек Жаңабай, Күнәлем Ержанов;
Оңтүстік Қазақстан облысынан: Ерсұлтан Мұзаппаров, Бейбарыс Әбдіғани;
Павлодар облысынан: Арман Махамбетов, Серік Сәлменов;
Солтүстік Қазақстан облысынан: Мұхит Тұрсынов, Алтынбек Аусағитов;
Шығыс Қазақстан облысынан: Айбек Нұғымаров, Мақсат Мәзібаев;
Алматы қаласынан: Дәурен Нұралинов, Руслан Әбдіразақов;
Астана қаласынан: Айбат Сейтен, Айтуар Абдулов;
Әскер Барысы: Ерасыл Қажыбаев, Әлібек Зекенов;
Қазақстан Барысы 2017: Еламан Ерғалиев.
Айта кетейік, Ақмола облысының балуандары әлі іріктелген жоқ.