"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ға жаңа басшы келді

578

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ға жаңа басшы келді

​"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып Орман Кәрімұлы Нұрбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Орман Нұрбаев Красноярск ӘШҚҚ радиоэлектроника жоғарғы командалық училищесін инженер мамандығы бойынша және ҚР президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғарғы мектебін халықаралық қатынастар саласында тәмамдаған.

Түрлі жылдары ҚР президенті әкімшілігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР сыртқы істер министрлігі жүйесінде, сонымен қатар шетелдердегі бірқатар қазақстандық мекемелерде қызмет еткен.

Осы тағайындауға дейін ҚР-ның Түркіменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу