"Қазақстан ипотекалық компаниясы" басшысы тағайындалды

976

"Қазақстан ипотекалық компаниясы" басшысы тағайындалды

"Қазақстан  ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ директорлар кеңесінің 2017 жылғы 23 ақпандағы шешімімен Қазақстан  ипотекалық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма басшысының орынбасары болып Айдар Арифханов тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Осы шешіммен "Қазақстан  ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ директорлар кеңесі Абылай Рахымжановты және Канат Исамбаевты басқарма мүшелері және "Қазақстан  ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ басқарма төрағасының орынбасарлары етіп тағайындады. Бұған қоса, директорлар кеңесі комитетінің құрамы өзгертілді.
Отырыс барысында "Қазақстан  ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің, директорлар кеңесі комитетінің және корпоративтік хатшының 2016 жылға арналған жұмыстары туралы есептері, Ішкі аудит қызметінің 2016 жылдағы қызметтерінің нәтижесі бойынша есебі қабылданды және компания қызметі бойынша басқа мәселелер қарастырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу