"Қазақстанның" Оңтүстіктегі филиалының басшысы ауысты

1004

"Қазақстанның" Оңтүстіктегі филиалының басшысы ауысты

"OŃTU`STIK" телеарнасына жаңа басшы келді. "Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ерлан Қариннің бұйрығымен облыстық филиал директоры болып, Бердімұратов Бауыржан Қамбарұлы тағайындалды, деп хабарлайды shymkenttv.kz.

Жаңа лауазым иесін шығармашылық ұжымға "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" Акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев таныстырды.

Аймақтағы алдыңғы телеарнадағы кадрлық ауыс-түйіс осы кезге дейін ұжымды басқарған Уәли Қыдыровтың елордадағы бас кеңсеге іс басқарушы лауазымына ауысуына байланысты орын алып отыр.

Оңтүстік теледидары қара шаңырағын тізгінге алған Бауыржан Бердімұратов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында туылған. Жоғары білімді Алматыдағы Абай атындағы Қазақ  Педагогикалық университетінде алды. Мамандығы бойынша - филолог. Кейінгі жылдары Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде экономика және басқару мамандығы бойынша оқыды. Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында редакторлықтан бастап, басшылық қызметке дейін еңбек еткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу