"Қазақстанның діни ағымдары" деп аталатын мобильді қосымша пайда болды

961

"Қазақстанның діни ағымдары" деп аталатын мобильді қосымша пайда болды

ШҚО дін істері басқармасының қолдауымен "Қазақстанның діни ағымдары" деп аталтын мобильді қосымша пайда болды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Жаңадан дайындалған моблильді қосымша ел азаматтарына Қазақстандағы діни ағымдар жайында мол мағұлмат беретінімен ерекшеленеді. Қосымшаны кез келген адам Play Market және Appstore жүйелерінен смартфондарына жүктей алады.

Аталмыш мобильді қосымша адамдарды экстремистік бағыттағы діни ұйымдардың үгіт-насихатынан қорғайтын жүйе болып табылады. Басқарма мамандары заманауи технологиялардың көмегімен ел азаматтарын жат діннің жетегіне кетпеуін қамтамасыз ететінін алға тартуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу