"Қазақстанның достары" тобын құру идеясын жариялады

1015

"Қазақстанның достары" тобын құру идеясын жариялады

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Мексикадағы елшісі Адриан Елемесовтың брифингі өтті, деп хабарлады аталмыш мекеменің баспасөз қызметі.

Адриан Елемесов өз сөзінде Мексика үкіметі Қазақстанға – Орталық-Азия өңіріндегі көшбасшы елдердің бірі, ал Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа беделді әрі көреген басшы ретінде  қарайтынын атап өтті. Мексика Латын Америкасындағы және Кариб бассейніндегі 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде біздің еліміздің кандидатурасын қолдаған алғашқы елдердің бірі еді.

Адриан Елемесов мексикалық кәсіпкерлердің Қазақстанға көкөністер мен жемістерді жеткізуге, тау-металлургиялық кешеніне инвестициялауға, қазақстандық астықты, тас көмірді, химиялық сала өнімдерін, тыңайтқыштарды, фармацевтикалық өнімді және т.б. сатып алуға деген жоғары қызығушылығы туралы ақпараттандырды.

Елші мексикалық және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлардан тұратын "Қазақстанның достары" тобын құру идеясы жайында айтып берді.

"Бұл топ талдау жүргізіп, "Жол картасын" әзірлеуі тиіс, онда қызығушылық танытқан тауарлардың толық тізбесі, ықтимал бағдарлар және тауардың өзінің соңғы бағасы көрсетілетін болады", – деп атап өтті Адриан Елемесов.

ҚР СІМ мәліметі бойынша 2016 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 66 млн АҚШ долларын құраған.

Мексикалық кәсіпкерлер тобы тауарлардың түрлері мен бағаларын зерттеу мақсатында Астанадағы тамақ өнімдерін өндіру және жеткізу желілерінде, сондай-ақ сауда орталықтарында болып қайтты. Сонымен қатар, олар министрліктердің және Қазақстан ведомстволарының, "Kazakh Invest", "ҚазМұнайГаз", "Тау-Кен Самұрық" ұлттық компанияларының, "ҚазАгро", "Бәйтерек" холдингтерінің басшылығымен кездесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу