"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингінің қолдауымен өткізілетін форумға Ұлыбритания, Германия, Италия, Кипр т.б. секілді 11 елден шамамен 200 адам қатысады. Олардың қатарында бақша және көкөніс өсіру ісінің үздіктері, өңдеу және сақтау секторындағы білгірлер бар.
Конференцияны ұйымдастырушылар ("Қазагромаркетинг" АҚ және украинаның "АПК-информ" компаниясы) жан-жақты бағдарлама жасаған.
"Конференцияға қонақ ретінде италиялық FAO инвестициялық орталығының экономисі Андрей Ярмак қатысады. Ол "Орталық Азияның көкөніс және жеміс нарығы аймақтағы кездесетін сауда кедергілерінің контексінде" атты баяндама жасайды. Жеміс-көкөніс бизнесіндегі тәжірибесімен "Arba Wine" компаниясының басшысы Зейнолла Кәкімжанов та бөліседі" – дейді ұйымдастырушылар.
Коференция жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілер; көтерме және бөлшек сауда өкілдері; еліміздің көкөніс және жемісті импорттаушылары мен олардың әлемнің басқа елдеріндегі әлеуетті жабдықтаушылары; материалдық-техникалық ресурстарды (МТР), өсімдікті қорғау құралдарын (ӨҚҚ), тыңайтқыштарды, көшеттер мен тұқымдық материалдарды жеткізушілер; жеміс-көкөніс өнімдерін жетілдіру және өңдеу бойынша шешім беруші компаниялар; қаржы және инвестициялық мекемелер; мамандандырылған БАҚ өкілдері және өзге де қызығушылық танытушыларға арналады.
Baq.kz