"Қазатомөнеркәсібі" "Инкай" кәсіпорнындағы үлесін 2018 жылы 60%-ға дейін ұлғайтпақ

910

"Қазатомөнеркәсібі" "Инкай" кәсіпорнындағы үлесін 2018 жылы 60%-ға дейін ұлғайтпақ

"Қазатомөнеркәсібі" компаниясы канадалық Cameco-мен бірлескен "Инкай" кәсіпорнындағы үлесін 2018 жылы 60%-ға дейін көбейтеді, деп мәлім етті компания.

 "2016 жылы  шетелдік инвесторлармен маңызды келісімдерге қол қойылды. "Қазатомөнеркәсібі" мен Cameco "Инкай" БК" ЖШС қайта құрылымдау және бірлескен кәсіпорындағы "Қазатоөнеркәсібінің" үлесін  40-тан 60%-ға дейін ұлғайту туралы келісті", – деп атап өтілген компанияның хабарламасында.

Канаданың Cameco-сы мен "Қазатомөнеркәсібі" Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан "Инкай" уран кен орнының операторы болып табылады. ("Инкайдың" 60%-ы – Cameco-да, 40%-ы – "Қазатомөнеркәсібінде").
Cameco компаниясы әлемдегі уран өндіруші ірі үштікке кіреді. Канадада және АҚШ-та уран кеніштеріне және жұмысы тоқтатылған бірнеше зауыттарға иелік етіп отыр. Сонымен қатар Аустралия мен Моңғолияда барлау жобаларына қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу