"Қазатомпром" 240 орынды балабақшаны коммуналдық меншікке берді

1444

"Қазатомпром" 240 орынды балабақшаны коммуналдық меншікке берді

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Астанада балабақша құрылысын аяқтады және қазіргі таңда нысанды қайтарымсыз қаланың коммуналдық меншігіне беру бойынша құжаттар дайындауда. Бұл туралы ұлттық компания атқарушы директоры Жарқынбек Оспанов айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

"Соның арқасында біздің қаламыздың 240 бала заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген бөбекжайға баратын болады. Мектепке дейінгі мекеме Бауыржан Момышұлы даңғылында №53 мектеп маңында орналасқан. Нысанның жалпы аумағы 5 305 шаршы метр, жобаның жалпы құны 830 миллион теңгеден астамды құрайды", - деді Оспанов.

Қазақстан Президентінің 2013 жылғы 27 қарашасындағы тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігіне Самұрық-Қазына" АҚ бірлесіп, мектепке дейінгі мекемені құрылысты уақытында аяқтау шараларын қабылдау шешімі қабылданды. Сол жылдың қарашасында "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы "Қазатомпром" ҰАК" АҚ-на Астанадағы мектепке дейінгі мекеменің құрылысына қатысты шара қолдануды тапсырды.

2014 жылдың наурызында "Қазатомпром" ҰАК" мен Астана қаласы әкімдігінің арасында 240 орынды балабақша құрылысы жобасын жүзеге асыру бойынша ары қарай оны Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы бірлескен әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында әкімдікке жалпы орын санынан 50% (120 орын) "Қазатомпром" ҰАК" қызметкерлерінің балаларына беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу