"ҚазАвиаСпектр" ЖШС "ҚазАгроҚаржы" АҚ қарамағына өтпек

911

"ҚазАвиаСпектр" ЖШС "ҚазАгроҚаржы" АҚ қарамағына өтпек

Қарағандыдағы ұшақ шығаратын "ҚазАвиаСпектр" зауыты ұлттық "ҚазАгроҚаржы" компаниясының қарамағына өтпек. Аймақтық сот "ҚазАгро" холдингінің еншілес кәсіпорыны түсірген шағымды орынды деп тауып осындай шешім шығарған.

Іске қосылған 5 жыл уақыт аралығында аталған зауыт бірде-бір әуе кемесін шығармаған, ал биылғы жылдың 27-ші мамырында банкротқа ұшыраған.

Жалпы кәсіпорын құрылысына кеткен 2 млрд 196 теңгенің 600 млн-ы зауыттың өз қаржысы болса, 846 млн теңге заимды 4 пайыздық мөлшерлемемен "ҚазАгроҚаржы" берген. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама бойынша да 750 млн теңге бөлініпті. Қазір зауыттың мойнында 33 млн теңгеге жуық қарызы бар.

"ҚазАгроҚаржының" ақпаратына сенсек кәсіпорынды басыбайлы сатып алуға отандық бір инвестор ниет білдірген. Ал зауыттың алдағы тағыдыры Ұлттық компанияның қарамағына өткеннен кейін белгілі болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу