"Қазхром" Хромтаудағы жаңа кен орнын өндіріске көшірді

1827

"Қазхром" Хромтаудағы жаңа кен орнын өндіріске көшірді

"Қазхром" ТҰК" АҚ Хромтау қаласындағы (Ақтөбе облысы) "Бірінші май" жаңа кен орнын іске қосты деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Бірінші май" кен орнының қоры 3 млн тоннадан астам хром кенін құрайды, ол Дон тау-кен байыту комбинатында іске қосылды. Кен орны "Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы" атындағы шахта алаңында орналасқан", – делінгенкомпанияның ақпаратында.

Компанияның жоспары бойынша, кен орнында жылына 300 мың тонна кен өндірілмек. Кен орны 2025 жылға дейін пайдаланылады.

"Кен орны тәжірибелік-өнеркәсіптік болып табылады және аталғантау-геологиялық жағдайларда жұмыс істеу тәжірибесі келешекте "Қазақстантәуелсіздігінің 10 жылдығы" атындағы шахтадағы кезекте тұрған екінші кен орнынигеруде септігін тигізеді. Бұл шахтаны одан әрі тиімді пайдалану үшін жәнежылына 6 млн тоннаға дейін өнім алу үшін қажет", ­ – деген Дон ТКБК директорыМарал Бекеевтің сөзі келтірілген хабарламада.

Дон ТКБК, Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауытын біріктірген "Қазхром" АҚ EurasianRecourses Group (ERG) холдингінің құрамына кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу