"Қажылық қоры" мен "Tawaf trevel" компаниясына жаңа директор тағайындалды

1074

"Қажылық қоры" мен "Tawaf trevel" компаниясына жаңа директор тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың ресми бұйрығымен Айдар Салқынбаев ҚМДБ жанындағы "Қажылық қоры" мен "Tawaf trevel" қажылық компаниясының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Бұған дейін бұл жұмыстарды қоса атқарған Жәнділла қажы Бекжігітов ҚМДБ "Мешіт істері" бөлімінің меңгерушісі қызметін жалғастыра береді.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Жәнділла қажы Мамытханұлының "Қажылық қоры" мен "Tawaf trevel" қажылық фирмасы директоры қызметін атқарған кезеңде оң нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтіп, Айдар Салқынбаевтың жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу