"Қазинвестбанк" АҚ қызметін мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енді

723

"Қазинвестбанк" АҚ қызметін мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енді

2018 жылдың 24 қаңтарында "Қазинвестбанк" АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 23 мамырында "Қазинвестбанк" АҚ-ның активтері мен міндеттемелерін бір уақытта беру жөніндегі операция барысында жеке тұлғалардың депозиттері 100% "Альфа-Банк" ЕБ АҚ-на берілген болатын. Сонымен бірге, "Қазинвестбанк" АҚ қызметін тоқтату (тарату) туралы сот шешімінің заңды күшіне ену фактісі бойынша "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-ның (ҚДКБҚ) "Альфа-Банк" ЕБ АҚ-ның активтері мен міндеттемелерін бір уақытта беру операциясы өткен күннен кейін жеке тұлғалар шотына аударылған қаражаттар бойынша олардың алдында міндеттемелер пайда болды.

Аталған міндеттемелердің жалпы сомасы шамамен 2 миллион теңгені құрайды, өтем алуға құқығы бар салымшылар саны жетпіске жетеді. Төлем ҚДКБҚ-ның арнайы резерві қаражатымен жүзеге асырылатын болады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы 568,6 миллиард теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу