"Қазкоммерцбанк" АҚ 750 миллион еуро соманың үлкен еурооблигацияларды өтеді

1021

"Қазкоммерцбанк" АҚ 750 миллион еуро соманың үлкен еурооблигацияларды өтеді

"Қазкоммерцбанк" АҚ 2007 жылғы ақпанда шығарылған, бастапқы орналастыруы 750 миллион еуро сомасын құраған, қамтамасыз етілмеген үлкен еурооблигацияларды өтеді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Қазақстанның банк саласында жалғасып келе жатқан қиындықтар мен әлемдік нарықтағы тұрақсыздық жағдайына қарамастан Қазкоммерцбанк өзінің сыртқы қарыздарын уақытылы төлеу саясатынан бас тартпай, 400 млн еуроға жуық соманың еурооблигацияларын өтеді. Шығарылымның бастапқы сомасы 750 миллион еуроны құраса, қазір бұл сома өтімділікті тиімді басқару мақсатында жоспарлы сатып алынған құнды қағаздардың арқасында азайды", – деді өз сөзінде басқарма төрағасының бірінші орынбасары Абай Искандиров.

"Қазкоммерцбанк" АҚ Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі банктердің бірі болып табылады. Банк активтері 2015 жылғы 31 желтоқсанда 5 094 млрд теңгені құрады.

Банктің зейнетақылық қамтамасыз ету, зейнетақы және қаржы активтерін басқару, сақтандыру мен брокерлік қызмет көрсету салаларында қызмет ететін еншілес компаниялары бар. Сонымен қатар Банктің Ресей Федерациясында және Тәжікстан Республикасында еншілес банктері бар.

Банктің ірі қатысушылары: К.Рақышев, "Орталық-Азиялық инвестициялық компания" АҚ, Н.Сұбханбердин, "Qazaq Financial Group" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ.

Банктің акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың (KASE) ресми тізіміне енгізілген. Банк акциялары негізгі активтері болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар (ЖДҚ) Лондон қор биржасының (ЛҚБ) листингінде орналастырылған. Банк ТМД банктерінің арасында бірінші болып 2006 жылғы қарашада 845 млн АҚШ доллары сомасына Лондон қор биржасында ЖДК нысаны бойынша IPO аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу