Қазкомға 65,2 миллиард теңге көлемінде қаржы құйылды

630

Қазкомға 65,2 миллиард теңге көлемінде қаржы құйылды

"АЛМЭКС" холдинг тобы Қазкоммерцбанкке 65,2 миллиард теңге көлемінде қаржы құйды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
"АЛМЭКС" холдинг тобы банктің ұсынылған жай акцияларының көлемінен 700 171 633 данасын сатып алып, нәтижесінде Қазкоммерцбанктің акционерлік капиталындағы 25,05% үлесімен банктің ірі қатысушысы атанды.
Акциялардың орналастырылуы аяқталған соң банкке 65,2 миллиард теңге көлемінде қаржы құйылды. Бұл қаражат банкке мақсатты көрсеткіштерінің өсуіне қол жеткізуге қажетті мүмкіндік беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу