"Қазконтентке" жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

735

ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі АҚ-ның бұрынғы басшысы Евгений Кочетовке кәсібилігі мен атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді.

"Қазконтентке" жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

Бүгін ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы "Қазконтент" АҚ ұжымына жаңадан тағайындалған басқарма төрағасы Думан Қожахметовты таныстырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ вице-министр АҚ-ның бұрынғы басшысы Евгений Кочетовке кәсібилігі мен атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді.

Думан Қожахметов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Қоғаммен байланыс" және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттің университетінің "БАҚ экономика және менеджмент" мамандығы бойынша білім алған. "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-да, ҚР бас прокурорының аға көмекшісі лауазымында және жеке медиакомпанияларда басқарушы қызметтерді еңбек еткен. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу