"Қазлегпром-Алматы" Астана нарығына аяқ басты

925

"Қазлегпром-Алматы" Астана нарығына аяқ басты

Киім және аяқ киім өндіруші "Қазлегпром-Алматы" ЖШС өз өнімін Астана нарығына шығарды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.

Бұл – кәсіпорынның Астанадағы екінші бутигі, бірінші бутик "Самғау" сауда орталығында орналасқан. Бұдан басқа, Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне компания "Mega Alma-Ata" сауда ойын-сауық орталығындағы қолдағы бар бутикке қосымша ретінде "Mega Park" сауда ойын-сауық орталығында жаңа сауда орнын ашуды жоспарлап отыр. Қорыта айтқанда, кәсіпорынның Қазақстанда 4 бутигі жұмыс істемек.

Өткен жылдың желтоқсанында кәсіпорын италиялық технологиямен ерлер аяқ киімі өндірісінің 75-тен астам түрін іске қосқан. Серіктестік өндірістік қуаты 2,5 млрд теңге тауар айналымымен жылына 150 000 жұп аяқ киімге жеткізуді жоспарлап отыр.

Қазір фабрика өңірдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады. Кәсіпорын ашылған сәттен бері жұмысшылар саны 15 есеге, 30 адамнан 450 адамға, ал өндіріс 7 есеге артты.

Сонымен бірге кәсіпорынның жанында 2014 жылдан бері "Шебер" оқыту орталығы жұмыс істейді. Онда 7 бағдарлама бойынша оқытудың қос технологиясымен тігін және аяқ киім өндірісінің мамандары даярланады және қайта даярланады. "Шебер" оқыту орталығы тігін-аяқ киім саласында 300-ден астам маманды оқытып шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу