"Қазмедиада" жарылғыш зат бар деп хабарлаған тұрғын айыппұл төлейтін болды

733

"Қазмедиада" жарылғыш зат бар деп хабарлаған тұрғын айыппұл төлейтін болды

Астана қаласының тұрғыны "Қазмедиа орталығы" ғимаратына жарылғыш зат орнатылғандығы жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, 2016 жылдың 10 ақпанында Астана қаласы ІІД-нің жедел басқарма орталығына елордалық тұрғын Қазмедиа ғимаратында күдікті қорап бары туралы хабарлаған. Аталған хабарламаны тексеруге Астана қаласы ІІД күштері мен құралдары жұмылдырылды, алайда тексеріс барысында аталған дерек нақтыланбады.

"Жалған ақпарат бергені үшін азамат 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын", - делінген хабарламада.

2017 жылы Қазақстанда АЕК 2 269 теңге көлемінде тағайындалды.

Көшпелі шараларды жүзеге асыру барысында қаржылай шығындар келтірілді, осыған байланысты Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты айыпталушыдан ақшалай шығын сомасын талап етті.

Шешім заңдық күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу