Алдын-ала мәліметке сүйенсек, 2016 жылы мұнай мен газ конденсатын өндірудің жинақталған көлемі ҚМГ компаниялар тобы бойынша 22639 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Толысқан кеніштер тобы бойынша 15981 мың тонна өндірілді. 7384 млн текше метр табиғи және ілеспе газ өндірілді.
"Мұнай тасымалдау. Күреқұбыр жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі 56600 мың тоннаны құрады. Теңіз арқылы есепті кезеңде 7082 мың тонна мұнай тасымалданды.
Газ күреқұбырымен 88,1 млрд текше метр газ тасымалданды", - деп жазылған хабарламада.
Оның ішінде, халықаралық транзит – 58,3 млрд м3 , ішкі тасымал – 16,5 млрд м3 және экспорттық тасымал – 13,3 млрд м3.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу