"ҚазМұнайГаз": АИ-92 бензинінің бір айлық қоры жасалған

678

"ҚазМұнайГаз": АИ-92 бензинінің бір айлық қоры жасалған

"ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин талон арқылы сатылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазір "ҚазМұнайГаз" желілерінде АИ-92 бензинінің бір айлық қоры жасалған. Оған қазақстандық зауыттардан жеткізілетін өнімдерді қосыңыз. Осыған байланысты жанармай бекеттерінде бензиннің талонмен берілуіне ешқандай негіз жоқ", - деп хабарлайды компаниядан.

"ҚазМұнайГаз" ЖҚС желілерінде қазір 344 бөлшек өндірістік сату нүктелері бар. "ҚазМұнайГаз" желісі еліміздің 10 өңіріндегі 38 мұнай қоймасын қажетті өніммен қамтамасыз етіп тұр.

Еске сала кетейік, Nomad Oil ЖҚС 20 қаңтарда бензинді тағы да талон арқылы бере бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу