"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ мұнай қорлары туралы есеп берді

1242

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ мұнай қорлары туралы есеп берді

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ, Компания") 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Өзенмұнайгаз" АҚ, "Ембімұнайгаз" АҚ, "ҚазГӨЗ" ЖШС және "Урал Ойл энд Газ" ЖШС (ҚМГ БӨ үлесі – 50%) кен орындарындағы сұйық көмірсутегі қорларын бағалау нәтижелері туралы жариялады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Бағалауды "ДеГольер энд МакНотон" ("ДеГольер") тәуелсіз компаниясы жүргізген.

ДеГольер есебіне сәйкес, 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сұйық көмірсутегі қоры "дәлелденген плюс ықтимал" (2P) санаты бойынша 145 млн тоннаны (1 061 млн баррель) құрады. 2016 жылдың ішінде өндірілген мұнайды есепке алғанда, қорлардың орнын толтыру 0,7 млн тоннаны (8 млн баррель) құрады. Қорлардың орнын толтыру коэффициенті (бір жылдағы қорлар өсімінің өндіруге қатынасы) 8 %-ды құрады.

2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сұйық көмірсутегі қоры "дәлелденген" (1Р) санаты бойынша 93 млн тоннаны (684 млн баррель) құрады, ал "дәлелденген плюс ықтимал плюс мүмкін" (3Р) санаты бойынша 196 млн тоннаны (1 433 млн баррель) құрады.

ҚМГ БӨ атап өткендей, есеп "Қазгермұнай" БК" ЖШС, CCEL ("Қаражанбасмұнай") және "ПетроҚазақстан Инк.". компаниялары қорларындағы үлесін қамтымайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу