"ҚазМұнайГаз" бекеттерінде Еуро К-5 қысқы дизель сатыла бастады

866

"ҚазМұнайГаз" бекеттерінде Еуро К-5 қысқы дизель сатыла бастады

"ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде жаңа өнім түрі – 32°С шектік температураға шақталған К5 экологиялық кластағы Еуро қысқы дизельді  отын сатыла бастады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Аталмыш отын түрі Астана, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл қалаларындағы жанар-жағармай бекеттерінде сатылып жатыр.

Көптеген дизель отыны үшін шектік температура -20°C құрайды. Олармен салыстырғанда бұл шектік температурасы -32°С дизельді отын суық және арктикалық климат жағдайларында пайдалануға арналған.  Химиялық құрамының арқасында  оның сүзілуінің шектік температурасы -36°С құрайды. Былайша айтқанда,  дизельді отын 40°С төмен температурада да қатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу