"ҚазМұнайГаз" Ресей банкінен алған қарызын толық өтеді

1192

"ҚазМұнайГаз" Ресей банкінен алған қарызын толық өтеді Фото: kursiv.kz

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ "Сбербанк России" ЖАҚ-қа  371,4 млн АҚШ доллары сомасындағы қарызын мерзімнен бұрын толық өтеді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Компанияның борыштық жүктемесін азайту жөніндегі стратегиясы шеңберінде "ҚазМұнайГаз" ҰК 2018 жылдың 29 қазанында жеке бос ақша қаражаты есебінен, соның ішінде активтерді сатудан түскен қаржы есебінен қарызды толық өтеген.

"Сбербанк России" ЖАҚ-тан алынған 400 миллион АҚШ доллары сомасындағы қарызды "ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг" АҚ "Шымкент мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау және жаңғырту" жобасын қаржыландыру мақсатында 2014 жылы алған болатын.

"ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг" АҚ 2017 жылы ҚМГ-ге қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу