Оңтүстік Қазақстан облысында DODO франчайзинг бағдарламасы аясында (Dealer Owned - Dealer Operated, Әріптес иеленеді – Әріптес басқарады) "ҚазМұнайГаз" брендімен ЖМҚС салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бағдарлама өңірлерде шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік-жеке әріптестіктің үлгісін білдіреді, бұл Мемлекет басшысының "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауында қойылған міндеттерге сәйкес келеді.
2016 жылда DODO бағдарламасының алғашқы қатысушылары Қостанай және Приозерсктегі жеке жанар-жағар май құю станциялары болды.
Шымкент және Қостанай қалаларында "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желілерінің жеткіліксіз қатысуына байланысты аталған өңірлер компанияны дамыту үшін мақсатты болып табылды. Клиенттердің ұсыныстарын тыңдай отырып, "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС Қазақстан Республикасының аумағын клиенттер үшін жалпы алғанда жақсы және қолайлы етіп қамту үшін өңірлерде жанар-жағар май құю станциясының желісін дамытады.
Енді "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желісі Шымкентте және Оңтүстік Қазақстан облысының басқа да аудандарында тағы он бір жанар-жағар май құю станциясымен толықтырылады.
Тұтынушылар "ҚазМұнайГаз" брендін бұрыннан біледі және оған сенеді. Ұсынылған тауарлар мен қызметтердің көлемі, сондай-ақ тұтынушылар үшін қолайлы баға жақын жердегі бәсекелестерден "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС тиімді ерекшеленеді. Сонымен қатар, ұлттық оператордың қатысуы өңірде, сондай-ақ отын нарығындағы тапшылық уақытында тұрақтандырушы факторды көрсетеді.
Бағдарлама қатысушыларын қарсы ала отырып, "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС бас директоры Асылбек Кәрібаев "Франчайзинг бағдарламасы мемлекет пен жеке кәсіпкерлер арасындағы әріптестіктің тиімді механизмін білдіреді. Шағын және орта бизнес өкілдерінің ірі квазимемлекеттік компаниямен ынтымақтастығы барлық жақтарға пайдалы ғана емес, сонымен бірге жалпы алғанда өңірді дамыту үшін маңызды рөл атқаратын жағдай деп айтуға болады" деп атап өтті.
Жаңа станцияларды салтанатты ашу "ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг" компаниясының басшылығы, облыс басшылығы, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желісінің топ-менеджментінің қатысуымен өтті.
Бағдарлама әріптесі Еркебұлан Құлбеков белгілі отандық брендпен ынтымақтастық табысты болады деп есептейді: "Мен бизнестің тұрақты жұмыс жасайтындығына сенімдімін – франчайзинг бағдарламасы арқылы жанар-жағар май құю станциясы тексерілген сападағы бензинінің қажетті көлемін уақытында алатын болады. Өз тарапымнан, біздің ұжым "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желісінде қабылданған клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары стандартын қолдайтын болады. Тағы да бір маңыздысы – істе біз өз тәуелсіздігімді жоғалтып алмаймыз, бұл біздің бизнесіміз. Алайда, бұл үлкен бір істің бөлігі болады, бұл жақсы".
Франчайзинг бағдарламасы қатысушыларға танымал брендпен жұмыс жасау мүмкіндігін береді, жеткізу тұрақтылығы мен отын сапасы бойынша тәуекелді болдырмайды, сондай-ақ түрлі маркетингтік бағдарламалар мен жарнама акцияларына қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, компания жалпы нарықтық жағдайға жанама әсер ете отырып, баға белгілеуді жалғастырады.