Дубайда қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясы өтті, шарада ел өзінің өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін таныстырды, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Ұлттық агенттіктің баспасөз қызметінің мәлім еткендей, шараға машина жасау, құрылыс, фармацевтика, астық, қызмет көрсету, саласындағы 19 өндіруші қатысты.
Қазақстандық компаниялар ірі көтерме сатып алушылар мен БАӘ дистрибьютерлік компанияларымен отандық өнімді Араб Әмірліктері нарығына жеткізу жөнінде келісім орнатты. Сондай-ақ, өнімді тіркеу мен сертификациялау мәселесі қаралды.
Қазақстан мен БАӘ арасындағы сыртқы сауда айналымы 2015 жылы 109,5 млн АҚШ долларын құрады. Өткен жылы БАӘ нарығына жұмыртқа мен ет өнімі экспортталды.
Жыл соңына дейін "KAZNEX INVEST" сауда миссияларын өткізіп, отандық өндірушілердің өнімін Ресейде таныстыруды жоспарлап отыр.