"Қазпошта" халықаралық көлік дәлізін құрады

865

"Қазпошта" халықаралық көлік дәлізін құрады

Жыл сайын Қытайдан Еуропаға 250 млн, ал осы кәрі құрлықтан Қазақстан арқылы кері қарай 800 млн тауар қайта жөнелтіледі. Екі арадағы жүк тасымалын жақсарту үшін биыл "Қазпошта" АҚ халықаралық көлік дәлізін құруды қолға алды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл өз кезегінде елімізде электрондық сауданы дамытуға және курьерлік қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, компания биыл интернет саудасын дамытуды көздеп отыр. Қазірдің өзінде елімізде 40 ғаламтор-дүкені жұмыс істеп тұр. Тұтынушыға тауарды уақтылы жеткізу үшін қызметкерлер күн сайын 120 мың сәлемдеме жинайды.

 "Халықаралық көлік дәлізінің қызмет сапасын арттыру мақсатында кеден қоймаларын құруды қолға алдық. Алдағы уақытта Қытайдан Еуропаға жеткізілетін тауарлар Қазақстандағы қоймаларда сақталатын болады. Яғни Қытайға тапсырыс берген тұтынушының тауары бізден жөнелтіледі. Бұл тапсырыс уақытын қысқартуға және жеткізу құнын біршама азайтуға жол ашады", - дейді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу