"Қазпошта" АҚ бөлімшелерінен депозит ашу немесе несие төлеу тегін

1245

"Қазпошта" АҚ бөлімшелерінен депозит ашу немесе несие төлеу тегін

ҚТҚЖБ-ның ("Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымы) әлеуетті салымшылары Қазпошта бөлімшелерінен банк өнімдері бойынша кеңестер ала алады және жинақ шотын аша алады, деп хабарлайды hcsbk.kz. 
"Қазпошта" АҚ бөлімшелерінен депозит ашу немесе кредит төлеу тегін. Бұған дейін бұл қызметтер үшін салымшының енгізетін сомасынан 1% ұсталынатын. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және ұлттық пошта операторы белгіленген комиссия туралы келісті, оның шығындарын банк өзіне алды. 
Қазпошта бөлімшелері арқылы депозит ашу кезінде салымшы шотына 15 000 теңге салуы қажет. Бұл төмендетілмейтін баға - пошталық бөлімшелер арқылы шот ашудың міндетті талабы.
"Қазіргі таңда біздің 17 филиалымыз, 15 қызмет көрсету орталығымыз және 150 кеңес беру орталығымыз бар. Біздің қызметтеріміз мен бағдарламаларымыздың танымалдылығы арта түскендіктен, бізге жаңа қызмет көрсету орталықтары қажет, ал, елімізде ең үлкен филиалды желісі бар Қазпошта арқылы барлық қазақстандықтарға қызмет көрсете аламыз. Бұл дегеніміз тек банк қызметтерінің қолжетімділігін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар, пошталық операторлар арқылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы көбірек ақпараттандыру деген сөз" - дейді "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқармасы төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова.                                                         

Қазақстандықтар бүкіл ел бойынша Қазпоштаның 800 автоматтандырылған бөлімшелерінде депозит рəсімдей алады, оның 38%-ы - ауылдық бөлімшелерде жəне 62%-ы - аудан орталықтарында орналасқан. Сол себепті, ендігі жерде ауыл тұрғындарына ҚТҚЖБ шартын рəсімдеу үшін қалаға барудың қажеті жоқ. Операциялық қатерді азайту үшін, Қазпошта бөлімшесіне клиент жүгінген жағдайда, оны биометрлік тексеруден өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу