"Қазпошта" Астана қаласында электрондық коммерция өкілдеріне қызмет көрсету бөлімшесін ашты

807

"Қазпошта" Астана қаласында электрондық коммерция өкілдеріне қызмет көрсету бөлімшесін ашты

Алғашқы е-орталық  Астананың сол жағалауында орналасқан және бірнеше қызмет көрсету аймағын қамтитын кеңсе болып табылады, деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

Мұнда клиенттердің қолайлылығы үшін корпоративтік клиенттерге кеңес беретін жеке орындар, келіссөздер жүргізуге арналған залы, сондай-ақ келіп түскен тапсырыстарды қабылдау және өңдеу әрі оларды жинақтау және қаптау, тапсырыстарды жеткізуге тиеуге арналған орынжайлар қарастырылған.

"Электрондық коммерция нарығы жылдан-жылға өсіп келеді, Интернет арқылы да тапсырыс берілген сәлемдемелердің көлемі тиісінше артуда (шамамен 20 %), бұл өз кезегінде  қызмет көрсетудің ыңғайлылық және жылдамдылық деңгейіне әсер етеді. Бұған дейін біздің корпоративтік клиенттеріміз құжаттарды, есепшілерді іздеуде бір қабаттан екінші қабатқа жүгіруге тура келетін, енді оларға жеке кеңсе ашылды, мұнда олар қысқа мерзімде сапалы сервисті және бір орталықта барлық қажетті қызмет түрін алуға мүмкіндіктері бар – деді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Алдағы уақытта компания осы тәрізді орталықты Алматы қаласында, ал келешекте еліміздің барлық қалаларында ашуды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу