Түнеу күні істен шыққан "KazSat-2" жерсерігі жөнделді. Қазір ол тиісінше жұмыс істеп тұр.
Ғарыш аппаратының өз міндетін дұрыс атқара алмай қалуына жерден басқару жүйесіндегі кінәрат себеп болған. Салдарынан отандық жерсеріктік телехабар таратудың аналогтық эфирі мен өңірлердегі жергілікті арналардың таратқыш желілері сигналды дұрыс қабылдай алмай қалған.
"KazSat-2" аппаратын біз жоғалтқан жоқпыз. Біз онымен үнемі байланыста болдық. Тиісті тапсырманы республикалық ғарыштық байланыс орталығының мамандары беріп тұрды. Тек штаттан тыс жағдай орын алды. Қазір жағдай қалпына келді, барлығы дұрыс", - деді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі комитет төрағасының орынбасары Баубек Оралмағамбетов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу