"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясына 944 миллион теңге айыппұл салынды

726

"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясына 944 миллион теңге айыппұл салынды

ҚР ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ына қатысты тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша компания коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылардан тауарлық газдың шартты көлемін кем алғаны үшін ақшалай айыппұл өндіріп алғаны анықталған. Бұл ретте айыппұлды өндірудің экономикалық, технологиялық негіздемесі болмаған, сондай-ақ бұл тұтынушыға қатысты кемсітушілік сипатта болып табылады", - дейді комитеттен.

Аталмыш факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, оның материалдары сотқа беріледі.  Бұдан басқа, ТМРБ ж ТҚҚК компанияға кемшіліктерді жою, қаражатты қайтару және газды кем алғаны үшін айыппұл алуды көздейтін талаптарды келісімшарттардан алып тастау жөнінде нұсқау жариялады. 

2017 жылғы 28 қарашада Астана қаласының соты компанияны ӘҚБтК-нің 159-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және мемлекет кірісіне 944 855 296 (тоғыз жүз қырық төрт миллион сегіз жүз елу бес мың екі жүз тоқсан алты) теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу