"ҚазТрансОйл" АҚ электрондық мұрағат жүйесімен жұмыс істеп жатыр

926

"ҚазТрансОйл" АҚ электрондық мұрағат жүйесімен жұмыс істеп жатыр

"ҚазТрансОйл" АҚ-та 2013-2017 жылдарға арналған ақпараттық технологияларды дамыту бағдарламасы аясында электрондық мұрағат жүйесі енгізілген, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Электрондық мұрағатты дамыту компанияның басқару, қаржы, ғылыми-техникалық және басқа құжаттамасын сақтау мен жедел іздеуді жаңа деңгейге көтерді. Компанияның қызметі туралы барлық ақпарат енді бір жерде сақталады, ал қажетті құжатты іздеуге санаулы секундтар ғана жұмсалады.

Электрондық мұрағатты енгізу "ҚазТрансОйл" АҚ-та ақпараттарды құжат түріне қарай бөлуге, құжаттарды электрондық нұсқада сақтауға, ену құқығын шектеуге, жедел әрі ыңғайлы іздеу және құпиялықтың жоғары деңгейі секілді бизнес-үдерістерді автоматтандыруға жол ашты.

Электрондық мұрағат жүйесінде құжаттар жоғалу қаупінен сақтандырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу