"Мамандығы бойынша таңдаулы" халықаралық байқауында "ҚазТрансОйл" АҚ мұнайқұбыршылары жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды "ҚазТрансОйл" АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Батыс филиалының Маңғыстау мұнай құбырлары басқармасының апатты қалпына келтіру пунктінің электргазбен дәнекерлеушісі Төлеген Малчибаев бірінші орынды иеленді.
Батыс филиалының Атырау мұнай құбырлары басқармасының тауар операторы - Серіжан Таубаев, батыс филиалының Ақтөбе мұнай құбырлары басқармасының электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету электр монтері - Виталий Карпов, Маңғыстау мұнай құбырлары басқармасының бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі - Нұрсұлтан Шора, Шығыс филиалының Қарағанды мұнай құбырлары басқармасының МАС Операторы - Самат Шұға, Павлодар мұнай құбырлары басқармасының технологиялық құрал-жабдықтарды жөндеу слесарі – Бейсенов Абай, Қарағанды мұнай құбырлары басқармасының желілік құбыршысы – Әсет Тілегенов сынды қатысушылар екінші орынды иеленді.
Құлсары мұнай құбырлары басқармасы "Прорва" МАС химиялық талдау зертханашысы Гүлшат Мұқанова қанжығасына үшінші орынды байлады.
Конкурсқа қатысушы 7 мемлекет ішінен "ҚазТрансОйл" АҚ мұнайқұбыршылары командалық есепте екінші орынды иеленді.
Омбы қаласы "Мамандығы бойынша таңдаулы" халықаралық конкурсқа Қазақстан, Ресей, Белорусь, Венгрия, Қытай, Чехия, Словакия елдерінің мұнайқұбыршылары қатысты. Қатысушылар халықаралық төрешілердің бақылауымен өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтай отыра тапсырмаларды орындады. "ҚазТрансОйл" АҚ қатысушылардың барлығы өздерінің үздік теориялық және практикалық дайындықтарын көрсете білді.
Компания ұжымы халықаралық дәрежеде өткен сайыста жоғары жетістіктерге қол жеткізген әрбір қызметкерді және тәлімгерлерді құттықтайды.