2018 жылдың 15 қаңтарында Атырау облысында 12 сағ 42 минутта (Астана уақытымен) "ҚазТрансОйл" АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасының А. Құлтумиев атындағы мұнай айдау станциясында қуат көзімен қамтамасыз ететін ұйым тарапынан қуат көзінің төмендеп кетуінің нәтижесінде № 7 қыздыру пешінің ысырмалы электр жетегі қысымтығынының толықтай ашылуымен өрт дабылы қосылды.
Ысырмалы қысымтықтың ашылуының салдарынан мұнай дренаждық сыйымдылық пен қарлы жерге тарады. Қазіргі таңда төгілген жер бетінен мұнай тазартылып, топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Төгілген мұнайдың көлемі анықталуда.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
"ҚазТрансОйл" АҚ мүлкі мен өндірістік нысандарына зақым келген жоқ.
Оқиға Өзен-Атырау-Самара магистральды мұнайқұбыры арқылы өтетін мұнай тасымалы жұмысына әсер етпеді.
Оқиға болған жер тұрғылықты аудандардан қашықтықта орналасқан, қоршаған ортаға залал келтірілген жоқ.
Қазіргі таңда орын алған оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде.