"ҚазТрансОйл" биыл 42,3 миллион тонна мұнай тасымалдады

744

"ҚазТрансОйл" биыл 42,3 миллион тонна мұнай тасымалдады

"ҚазТрансОйл" АҚ 2018 жылдың 9 айында 42,3 млн тонна мұнай тасымалдады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"ҚазТрансОйл" АҚ 2018 жылдың өткен 9 айында тасымалданған мұнай және мұнай өнімдерінің шоғырландырылған жалпы көлемі 42 млн 270 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,3%  пайызға кем.

"ҚазТрансОйл" АҚ есепті мерзімде тасымалданған мұнай көлемі 33 млн 911 мың тонна болды, бұл 2017 жылдың 9 айлық көрсеткішімен салыстырғанда 1,8% аз.

"ҚазТрансОйл" АҚ мұнайдың жүк айналымы 28 млрд 540 млн тонно-шақырымды құрады, бұл 2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,6% кем.

Шоғырландырылған жүк айналымы 34 млрд 599 млн тонна-шақырым, бұл 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2,9% аз.                                                                                                                                      

Астрахан-Маңғышлақ су таратқышы бойынша Атырау, Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Еділдің суын жеткізу көлемі есепті кезеңде 22 млн 88 мың текше метрді құрады, бұл 2017 жылдың 9 айлық көрсеткішімен салыстырғанда 9,9% артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу