"ҚазТрансОйл" компаниясының өкілдері "Экспо-2017" халықаралық көрмесі аясында барлық павильонды аралап, өз жұмыстарында қолдануға болатын Австрия мен Словакияның технологияларын іріктеп алды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Соның ішінде, жылыту мен салқындатудың ірі гелиожүйелерінің жетекші әлемдік жеткізушісі, австриялық Solid компаниясының технологиясы таңдалды.
Сондай-ақ, "ҚазТрансОйл" словакиялық EcoCapsule компаниясының технологиялық шешімдерін таңдап алды.
Бұдан өзге, "ҚазТрансОйл" австриялық 1stLevelSolar компаниясының технологиялық шешімін қолданатын болды. Бұл компания мобильді күн электр стансасын шығарумен айналысады. Sundrops-ты жабдықтарды қуаттандыруға және коммуникациясы жоқ, қашықта орналасқан нысандардың дала жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалануға болады. Сонымен қатар станса шуыл және зиянды қалдықтар шығармайды.