"ҚазТрансОйл" мен ресейлік консорциум шарт жасасты

864

"ҚазТрансОйл" мен ресейлік консорциум шарт жасасты

Атырау облысында қосымша 250-ге жуық жұмыс орны пайда болады. Басымдық механик, электр мамандары, ұста және құбыр жүргізушілерге беріледі, деп хабарлайды 24.kz. 

"ҚазТрансОйл" компаниясы мен ресейлік "Каспий құбыр желісі консорциумы" акционерлік қоғамы арасында тиісті келісімшартқа қол қойылды. Тараптар қол қойған құжат бойынша "ҚазТрансОйл" компаниясы "Каспий Құбыр желісі Консорциумының" Қазақстандағы нысандарына техникалық қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, құбыр желілерін жөндеу мен апатты жағдайлардың алдын алу да – қазақстандық операторға жүктеледі. Келісім-шарт 5 жылға жоспарланған. Егер қос компания келісіп жатса, бұр мерзім ұзартылуы мүмкін.
"Келісім-шарт құны – 23 миллард теңге немесе 70 миллион доллар. Бұл келісімшарт компанияға қосымша пайда әкеледі. Сондай-ақ Атырау облысында 250  жаңа жұмыс орны ашылады. Шетелден мамандар тарту қарастырылмаған. Тек қазақстандықтар ғана жұмысқа алынады", - дейді  "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директоры Димаш Досанов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу