"Кедентранссервис" АҚ вице-президенті қамауға алынды

860

"Кедентранссервис" АҚ вице-президенті қамауға алынды

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына қарасты "Кедентранссервис" АҚ вице-президенті Ғалым Мұқанов пен сатып алулар және келісімшарт жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының басшысы Дулат Уваев тұтқынға алынды, деп хабарлады sputniknews.kz.

Компания басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы пара алғаны үшін ұстап, тергеу абақтысына қамаған.  

"Астана қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының 2018 жылдың 8 маусымындағы қаулысымен Ғалым Қасқырбайұлы Мұқанов пен Дулат Серікұлы Уваевқа қатысты екі айға дейінгі мерзімде, яғни 2018 жылдың 6 тамызына дейін қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды", – деп түсініктеме берді сот.

Компания басшыларының кінәсі дәлелденсе, параның 70 еселенген көлемінде айыппұл төлеуі немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу