"Көгілдір кит" атты қатерлі интернеттегі онлайн ойын Грецияға да келіп жетіпті. Жасөспірімдерді өлімге итермелейтін аталмыш қоғамдық вирус ондағы әлеуметтік желілерде қанат жаюда. Бұл туралы rua.gr хабарлады.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, "Көгілдір киттің" грек еліндегі алғашқы құрбандығы 15 жастағы қыз екен. Ол Катерини қаласында тұрады. Алайда, сәтін салып, қыз аман қалды.
Алдыңғы күні ол өзін-өзі өлтірмекші болып, өткір алмаспен білегіне киттің бейнесін салмақшы болған. Айтуынша, интернет ойыны барысында әлдебір инструкторлар өмірмен хош айтысуға шақырған.
Бұл Грециядағы қатерлі онлайн ойынымен байланысты туындап отырған тұңғыш оқиға. Қазіргі таңда полиция қыздың интернеттегі сұхбаттасын іздестіру үстінде, деп хабарлайды ақпарат көзі.