"Көк терезе" құлады

995

"Көк терезе" құлады

Мальтаның Гоцо аралындағы теңізге сұғына орын тепкен терезе формасындағы жартас құлады. Күшті теңіз толқындарының әсерінен ерекше көрініс қалыптастырған терезе пішінді жартас, тұңғиық теңіз суының үстінде тұрғандықтан "көк терезе" деген атқа ие болған еді, деп хабарлады The Qazaq Times.

"Көк терезе" теңіздегі дауыл салдарынан құлапты. Оның күндердің бірінде көзден ғайып болатынын ғалымдар 2013 жылы айтқан болатын. Алайда, оған әлі ондаған жылдар бар деп болжаған. Әйтсе де, көк терезе көпке шыдамады. Осылайша, екі жағының диаметрі мен ұзындығы 100 метр, кеңдігі 20 метр келетін ерекше табиғат жаратылысы адамзат көзінен мәңгіге ғайып болды.

"Көк терезе" Мальтаның әйгілі көркем көріністерінің, таңғажайып табиғат нышандарының бірі еді. Оны жүз мыңдаған саяхатшылар тамашалайтын. Оның құлауы біраз адамның көңілін құлазытқаны анық.

Бұл туралы Мальтаның премьер-министрі Джозеф Мускат "ақыры ғалымдар айтқан қайғылы күн де жетті, Көк терезеден айырылдық" деп жазды.

Көк терезе дүниежүзілік мұра ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген. Ол танымал кинотуындыларда көрініс тапқан. Осылайша, адамзат тағы бір ерекше табиғат жауһарынан көз жазып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу