"Коллекторлық қызмет туралы" заң берешекті өндіріп алуда болашақ өркениетті сұхбаттың негізін құрайды – Д. Ақышев

1726

"Коллекторлық қызмет туралы" заң берешекті өндіріп алуда болашақ өркениетті сұхбаттың негізін құрайды – Д. Ақышев

Коллекторлық компаниялардың ұзақ уақыт бойы іс жүзінде жұмыс істеуіне және біздің өмірімізге кеңінен тартылуына қарамастан, олардың қызметі арнайы заңнамамен реттелмейді және мемлекеттің уәкілетті органдары арқылы бақыланбайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Д. Ақышев "Коллекторлық қызмет туралы" заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарау барысында айтып берді. Ұлттық Банк басшысы қазірдің өзінде банктермен шарттар негізінде берешекті өндіріп алатын 60-ға жуық компанияның бар екендігін хабарлады. Мәселен, банктердің 928 мың борышкерімен коллекторлық агенттіктер жұмыс істеп жатыр.

"Бұл ретте халықтың шамадан тыс кредиттелу жағдайларында борышты өндіріп алу бойынша қарым-қатынастардың реттелмеу проблемаларының әлеуетті ауқымы тек ұлғаятын болады", – деп атап өтті Д. Ақышев.

Отырыс барысында ҚРҰБ Төрағасы "Коллекторлық қызмет туралы" заң жобасының негізгі аспектілерін белгілеп берді.

"Бір жағынан алғанда, банктер кредиттер береді және одан кейін қарыз алушылар тарапынан міндеттемелер орындамаған жағдайда борыштарды өндіріп алады. Және осы процеске заңды негізде коллекторлық ұйымдар тартылған, олардың міндеті борышты қайтару бойынша жұмыс жүргізу болып табылады. Осы реттелмеген сегментте ғана қалыпты құқықтық қорғала алмайтын қарыз алушыларға қатысты бұзушылықтар байқалады. Басқа аспект – банктер халық пен кәсіпорындардың депозиттерін сақтау орны болып табылады және ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сондықтан қарыз алушылар тарапынан кредиттер қайтарылмаған жағдайда берешекті өндіріп алу бойынша барынша күш-жігер салынуға тиіс. Әйтпесе банктер депозиттер бойынша өздерінің міндеттемелері бойынша есеп айырыса алмайды. Сондықтан банктерде кредиттері бар және сол сияқты өз депозиттерінің сақталатынына сенетін халықтың барлық тобының мүдделерінің сақталу теңгерімін қамтамасыз ету қажет", – деп хабарлады Д. Ақышев.

Ұлттық Банк басшысы қарастырылып отырған "Коллекторлық қызмет туралы" заң жобасының бұл қағидаттарға жауап беретінін және берешекті өндіріп алу барысында болашақ өркениетті сұхбат үшін негіз құрайтынын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу