"Көне Тараз" паркі ЭКСПО қонақтары аралайтын орындар тізіміне енді

748

"Көне Тараз" паркі ЭКСПО қонақтары аралайтын орындар тізіміне енді

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ашылған "Көне Тараз" республикалық маңыздағы тарихи ескерткіш – археологиялық парк ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қонақтары аралайтын қалалар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінде Тараз – Жамбыл облысының ораталығы және жарты милионнан астам тұрғыны бар, Қазақстанның оңтүстіктегі ірі индустриялық және мәдени орталығы. Тарихи ескерткіштерге бай қорының арқасында шаһардың туристік әлеуеті зор. 2011 жылы басталған көне шаһардың археологиялық қазба жұмысы екі мыңжылдық тарихы бар бірегей артефактілерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Ғалымдардың айтуынша, мұнда асфальт астында ескі қала бар және оның жасы, кем дегенде, екі мыңға жетеді.

"Алты жыл қатарынан көне Тараз қаласының кең ауқымды археологиялық қазба жұмысы жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында археологтар VI-XII ғасырларға тиесілі 50 мыңдай артефакт тапты: ортағасырлық қамал, VIII-IX ғасырлардағы мешіт, медресе, отқа табынушылардың мехрабы, зындан, көне Талас өзені сағасының жағасы, тұрғын үйлердің іргетасы", – дейді әкімдік мамандары.

20 га алқапқа шолу мұнарасы, Достық үйі мен конгресс-холлы бар этномәдени орталық, "Тараз саздары" стеласы, "Мыңбұлақ" саябағы, қазба жұмысы барысында табылған экспонаттар қойылған музей нысаны орналасты.

Табылған көне заттар нақышына келтіріліп салынған ою-өрнекке бай және қолдан жасалған. Қыш ыдыс аяқтары, алтын, шыны мен металдан жасалған заттар да бар. Сан-Петербор Эрмитажынан келген шығыстанушы-мамандар аз уақытта көптеп табылған тарихи құндылықтарға жоғары баға берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу